Песков ресейлік саясаттанушының Қазақстан жайлы айтқаны хақында: Оларды тыңдамау керек

Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік саясаттанушылардың бірінің Қазақстан туралы айтқан сөзіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" President бағдарламасында Песков "бұл саясаттанушылар Кремльдің ресми ұстанымын танытпайды" деп атап өтті.

Оның айтуынша, сөз етілген бағдарламаны өзі көрмеген, тіпті ондағы саясаттанушыны да білмейді. Ол Ресейде Қазақстанға қатысты қисынға томпақ келетін мәлімдемелер жасаушылар Ресейге өте сын көзбен қарайтын Қазақстандағы саясаттанушылардан асып түспесе кем түспейтінін айтты.

"Сондықтан өзімізді осылай ұстауымыз керек. Оларды тыңдап та, қарап та қажеті жоқ". Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Бұған дейін ресейлік" Вечер с Владимиром Соловьевым" ток-шоуының қонақтарының бірі Қазақстанды "Украинадан кейінгі келесі мәселе" деп атаған болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды