СІМ: Бельгия мен Люксембургтегі туристік компаниялар Қазақстанмен әріптес болуға қызығып отыр

Сурет: сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі Kazakh Tourism ҰК АҚ-мен бірлесіп, Бельгия мен Люксембург туристік компаниялары үшін гибридті форматта дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында Kazakh Tourism және ірі отандық туристік операторлардың өкілдері видеобайланыс арқылы еліміздің туристік әлеуетін таныстырып, негізгі туристік бағыттар мен Батыс Еуропадағы клиенттер үшін тартымды туристік шешімдерді ұсынды. 

Қазақстан елшілігіне жиналған Бельгия мен Люксембург туристік компанияларының өкілдері қазақстандық туристік операторлармен ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық танытты. 

Шара қонақтары Қазақстанның танымал туристік бағыттары туралы көрмемен және тақырыптық видеоматериалдарды тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін