Қазақстанда Respublica партиясы тіркелді

Сурет: Facebook/Aidarbek Khojanazarov
Бұл туралы партия басшысы Айдарбек Қожаназаров Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астанадағы ХҚКО-ның бірінен Respublica партиясының тіркеу құжатын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл - ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі ортақ жеңісіміз! Алайда бұл сынақтар бізді тек күшейтті", - деді Айдарбек Қожаназаров.

Партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев. Айдарбек Қожаназаров осы азаматтарға "елімізге оң өзгерістер әкелер жолындағы алғашқы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймын" деп, сенім білдірді.


"Партияның барлық мүшесін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді. Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әр өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын! Алға, Отандастарым! Алға, Respublica!", - деді Respublica пратиясының басшысы.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз