Депутат Азамат Әбілдаев "Ақ жол" партиясынан шығарылды

Сурет: parlam.kz
19 қаңтар күні Астанада "Ақ жол" ҚДП Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, онда парламент мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаевты "Ақ жол" партиясынан шығару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Партия жетекшісі Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Азамат Әбілдаевтың журналиске берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

"Ұлттық кеңес Азамат Әбілдаевты "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты "Ақ жол" партиясы Орталық сайлау комиссиясына Азамат Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы хат жолдады"."Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметі
Ұлттық кеңес мүшелері Әбілдаевтың сөздері "Ақ жол" партиясының ұстанымына қайшы келетінін, сонымен бірге партия және депутат этикасын бұзатынын атап өтті.

"Айта кететін жайт, кеше партия президиумы хабарлағандай, "Ақ жол" партиясы республикамыздың және басқа да достас мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығын әрқашан құрметтеп, қолдап келеді"."Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметі
Азамат Әбілдаев 2021 жылдың қыркүйегінен бері "Ақ жол" демократиялық партиясының мүшесі болды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті