Жаңадан құрылған "Байтақ" және Respublica партиялары қай аймақтардағы сайлауға қатысады

Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының отырысында жаңа саяси бірлестіктерді – "Байтақ" жасыл партиясы мен Respublica партиясын барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға қабылдау туралы қаулылар қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов партиялық тізім бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға қай өңірлерден жаңа партиялар қатыса алатынын айтты.

"Қазақстанның "Байтақ" жасыл партиясы 2023 жылғы 21 қаңтардағы қаулымен тек үш облыста (Атырау, Қарағанды ​​және Қызылорда) мәслихат депутаттарын сайлауға жіберілді. "Байтақ" партиясының қатысуына рұқсат берудің кейбір мәселелері бойынша ОСК қаулысы ұсынылды. Онда "Байтақ" партиясының Ақтөбе, Алматы, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы Шымкент және Астана қалаларында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға рұқсат беру туралы ұсыныс айтылған".ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов

Орталық сайлау комиссиясының екінші қаулысымен Respublica партиясы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы, Шымкент, Астана қалаларында мәслихат сайлауына қатыса алады.

Осылайша "Байтақ" партиясына республиканың 15 облысында, Respublica партиясына 19 облыста мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат берілді.

Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы бір күнде – 2023 жылдың 19 наурызында өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті