ҚР СІМ Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды қатаң айыптайды

Сурет: ҚР СІМ
Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған қарулы шабуылға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 27 қаңтарда орын алған және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің қаза болуы мен жаралануына әкеліп соққан Әзербайжан Республикасының Тегерандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптайды.


"Қазақстан дипломатиялық миссиялар мен оның өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісі қабылданбайды деп санайды. Мұндай шабуылдар халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады және жалпыға бірдей айыпталуға жатады деп санаймыз. Әзербайжанның бауырлас халқына, сондай-ақ қаза тапқан Әзербайжан Республикасының азаматы Орхан Аскеровтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиғаны мұқият тергеп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенімдіміз", делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.
Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті