Маханбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын сенімді адамдары арқылы жүзеге асыра алады – ОСК

Сурет: Facebook/Косай Маханбаев
Үй қамағындағы алматылық белсенді Қосай Маханбаев мәслихат сайлауы барасында өзінің сенімді адамдары арқылы үгіт-насихат жұмысын жүргізе алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова түсіндіріп өткендей, заң бойынша үгіт-насихат жүргізуге әрбір кандидат өзінің сенімді адамдарын тартуға құқылы.

"Сенімді адамдары арқылы қарым-қатынасқа түсу мәселесі, әрине бұған рұқсат. Ол (Маханбаев) үй қамақта болуына және қарым-қатынас жағынан шектеулер болуына байланысты бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Сенімді адамдары арқылы үгіт-насихат жұмысын жүргізуге құқығы бар, бұл жағы заңда қарастырылған". ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова


Айта кетсек, қоғам белсендісі Қосай Маханбаев аумақтық сайлау комиссияларының бірінде Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелген.

Оған 2022 жылы қаңтарда болған тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдік келтірілген. Қазір Қосай Маханбаев үй қамаққа алынған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз