Алматыда депутаттыққа үміткерлердің үгіт-насихат митингісі өтті

Сурет: freepik
Алматыда қала әкімдігінің рұқсатымен депутаттыққа үміткерлердің үгіт-насихат митингісі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Митингі Махатма Ганди атындағы саябақта өтті, ол арада жүргізушілер халықтың проблемалары мен талап-тілектерін сипаттайтын өлеңдерді оқыды.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар бірінен кейін бірі сөзі алып, азаматтарды шеттеп қалмай, елдің саяси өміріндегі оқиғаларда белсенділік танытып алдағы сайлауға қатысуға шақырды. 

Бейресми мәліметтерге сәйкес, митингіге шамамен 50-60 шақты адам жиналған.

19 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысын жариялады.

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты