Константин Петровтың айтуынша, 26 ақпанда сайлау учаскелеріне ұсынылған сайлаушылар тізімдерінің барлық 20 массиві келіп түскен. Сонымен қатар, жазбаша өтініштері бойынша тізімге 48 001 азамат енгізілді.
"26 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті және атқарушы органдар сайлау учаскелеріне ауыстырған сайлаушылар тізімінен 12 миллион 32 мың 550 азамат шығарылды. Біз осы азаматтарды тексердік, оларды растадық. Нәтижесінде 12 миллион 32 мың 550 қайталанусыз және бірнеше дауыс беру орындарына қосылмаған бірегей сайлаушы бар." - деді Константин Петров.
4 наурыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін, қате тіркелгендігін тексеруге мүмкіндік алады.
Константин Петровтың мәліметінше, азаматтарды белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізуді SMS-хабарлама арқылы ұйымдастыру үшін цифрлық қорғалған нысанда сайлаушылар деректерінің барлық массивін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жіберіледі.
Сайлаушылар тізімі бойынша Алматы қаласы, Түркістан облысы және Алматы облысы көш бастап тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, осы күні президенттің ресми сайтында барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлық жарияланды.