ҚР СІМ ДИАҚБ-ның Қазақстандағы сайлау туралы есебіне қатысты пікір білдірді

Сурет: wikipedia
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының алдағы ҚР Парламентін сайлауға қатысты аралық есебіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 3 наурызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) алдағы ҚР Парламентін сайлауды байқау жөніндегі миссияның аралық есебін жариялады. ДИАҚБ байқаушыларының миссиясы сайлау процестерін ұйымдастыру шарттарын және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдайды. Аталған есепте сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылған сайлау жүйесінің реформасына оң баға беріп, оның кейбір ережелері аталған бюроның алдыңғы ұсынымдарына сәйкес келетінін мәлімдеді". Айбек Смадияров

Сонымен қатар ол Орталық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы оң бағаланғанын жеткізді.

"Есепті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сайтында толығымен көруге болады. Сайлау процесін ұйымдастыру бойынша болған туындаған жағдайда, оларды тікелей Орталық сайлау комиссиясына жіберуді сұраймыз", - деді ресми өкіл.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды