ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Бішкекке келіп-жетті

Ресми сапар Сурет: president.kg
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қырғыз елінің жоғары саяси және әскери тұлғаларымен кездесу өткізу үшін Бішкекке келіп-жетті,деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл сапар аясында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР Президенті Садыр Жапаровтың кездесуі өтеді, онда тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ аталған ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылайды деп күтіледі.

Садыр Жапаров Қырғызстан ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастыққа өңірдегі қауіпсіздіктің кепілі ретінде айырықша мән беретінін атап өтті. Әскери, ақпараттық және гуманитарлық сипаттағы шараларды үйлестіру мақсатында Қырғызстан биыл ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Бұзылмас бауырластық - 2023" оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр.

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2023 жылға арналған бағдарламалары мен басымдықтарын, сондай-ақ ҰҚШҰ ҰҚК кезекті сессиясына дайындық барысын баяндады. Одан бөлек, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің орындалуы және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат берілді.

Айта кетсек, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құрамына алты мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Қырғызстан
Тасмағамбетов Иманғали

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көкшетауда бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды

Алматыда Ұлттық кітап күні қалай атап өтіледі

"Семей орманы" резерватындағы өрт: Бас прокуратура барлық қылмыстық істер бойынша соңғы нүктені қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Руслан Берденовке қарулы шабуыл: Шымкент әкімдігі мәлімдеме жасады