Си Цзиньпин Ресейге ұшып келді

Сурет: pixabay
Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағы Мәскеудегі "Внуково" әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай Коммунистік партиясының төрағасы Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып келді, деп жазды РИА Новости.

Владимир Путин мен Си Цзиньпин Астана уақытымен сағат 18:00-де Үлкен Кремль сарайында кездеседі.

Бұл Қытай басшысының үшінші мерзімге қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы халықаралық сапары, ол 20-22 наурыз аралығына жоспарланған.

Бейжің бұл сапар екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтады деп отыр. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнбиннің айтуынша, ол екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа серпін береді.

Мемлекет басшылары Ресей мен Қытай арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, бірқатар құжатқа қол қояды.

Си Цзиньпин мемлекет басшысы ретінде 2013 жылдан бері Ресейге сегіз рет келді, бұдан басқа елдерге қарағанда Ресейге көбірек келгенін атап өтуіміз керек. Жалпы, соңғы он жылда Владимир Путин мен Си Цзиньпин әртүрлі форматта 40 рет кездескен.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі