Тоқаев 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізілген құжатқа қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджетке өзгерістер енгізілген құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Шығыстардың қосымша өсімі 2,2 трлн теңге екені алдында хабарланған. Негізінде Мемлекет басшысының Жолдау мен сайлауалды бағдарламасы аясында айтылған бастамаларын, өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет. Бұл үшін 2 триллион теңге бөлінеді. Бұл - өңірлерді қолдауға, ауыл шаруашылығын, көлік инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті, сонымен қатар әлеуметтік саланың жекелеген бағыттарын одан әрі дамытуға бағытталған шығыс екені нақтыланған.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды