ҚХА-дағылар "Петропавл қаласы Халық кеңесі" бастамасын сатқындық деп бағалады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) "Народный Совет г.Петропавловск" деп аталатын ұйымның атынан шыққан бір топ адамдардың арандатушылық мәлімдемесін қатаң түрде айыптайтынын мәлімдеп, үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығының мызғымастығын және оған ішкі және халықаралық заңнамаммен кепілдік берілгенін мәлімдейміз. Бұл әрекеттерді мемлекетіміздің конституциялық негіздеріне, қауіпсіздігіне, бірлігі мен тұрақтылығына қарсы бағытталған ел мүддесіне жасалған опасыздық деп бағалаймыз. Біз біртұтас халық ретінде қазақстандық қоғамда ешкімнің араздық пен сенімсіздік таратуына жол бермейміз!".Қазақстан халқы Ассамблеясы


Үндеу мәтінінде мұндай арандатушылықтар аса жауапсыздықтың көрінісі және құзырлы органдар тарапынан қатаң түрде ауыздықталуы керектігі, кінәлілер сот тәртібімен заң аясында жазалануы тиістігі айтылған.


"Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтарды мұндай әрекеттерге бой алдырмауға және мызғымас бірлігіміз бен қоғамдық келісіміміздің негізі – халқымызға тән даналықты, төзімділікті, сенім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырады. Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз және біз қай жерде болсақ та сүйікті Отанымыздың өкілдеріміз, ал халықаралық қауымдастық бізді біртұтас әрі қуатты ұлт ретінде таниды. Біз әртүрліміз, бірақ бірлігіміз әралуандылықта. Бұл қағидадан біз ешқашан ауытқымаймыз".Қазақстан халқы Ассамблеясы

Айта кетсек, Петропавлда белсенділер "Еңбекшілер халық кеңесін" құрып, Қазақстаннан тәуелсіздік алғанын жариялады. Бұған дейін Бас прокуратураның баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды