Биыл елімізде 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны жөндеу жоспарланған

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
11 сәуірдегі үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жүйелік оператор бекіткен кестеге сай биыл қай электр станцияларында жөндеу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, электр станцияларында биыл 10 энергоблокты, 49 қазандықты және 54 турбинаны жөндеу жоспарланған.

"Қазір жөндеу 1 энергоблокта, 2 қазандықта және 3 турбинада жүргізіліп жатыр. Қарағанды, Маңғыстау облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеуді бастау мерзімдерінің сақталмаған". Алмасадам Сәтқалиев

Сонымен қатар ол электр желілері бойынша жалпы ұзындығы 25 мың км электр беру желілерін, 564 жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланғанын атап өтті. Электр желілерін жөндеу мамыр айында бекітілген кестеге сай басталады.

Алдағы 2023-2024 күзгі-қысқы кезеңге сәтті дайындық үшін мыналар жоспарланған:


"Энергетика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердегі жылу маусымына дайындық барысын бақылау жөніндегі жұмысты жалғастырады", - деді министр.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев