Тоқаевқа шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру жайы баяндалды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру, отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі туралы мәлімет берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Кездесуде еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. Райымбек Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеудің маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарламада отандық инвестицияны ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса мән берілуі қажет.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдау барысында бизнестің ұстанымын ескеру маңызды екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты