Қошанов "Ереуілшілерге неге шықпадыңыз?" деген сұраққа жауап берді

Сурет: Zakon.kz
12 сәуірде өткен мәжіліс отырысынан соң журналистер мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан неліктен оның ереуілшілермен кездесуге шықпағанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Ерлан Қошановтан "Сіз көпшілік партияның өкілі ретінде ереуілшілерге неге шықпадыңыз? Онда неге депутаттар болмады?" деп сұрады.

"Тиісті түсініктемені мемлекеттік органдар берді деп ойлаймын. Кім шығуы керек еді - олар шықты және түсініктеме берді. Ал бұл мәселелердің бәрімен басқалар да, соның ішінде біз де айналыстық", - деп жауап берді Ерлан Қошанов.

БАҚ өкілдері депутаттың мұндай жауабына қанағаттанбады. "Сайлау кезінде мұнайшылармен кездесіп, халықты қажет кезінде пайдаланып, мәжіліске кірген кезде халыққа шықпай қалдыңыз. Бұл әрекетіңіз осындай әсер берді. Айтыңызшы, неге шықпадыңыз?" деді журналистер.

"Ол сізге солай сезіліп тұр. Барлығы заңға сай болды. Адамдар келді, олармен тиісті қызметтер, квазимемлекеттік органдардың тиісті өкілдері жұмыс істеді. Бұл жұмыс беруші мен тендер өткізген квазимемлекеттік орган арасындағы жанжал емес пе? Бұл - жай ғана іскерлік дау", - деп пікір білдірді ол.

"Тәжірибелі саясаткер ретінде айтыңызшы, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" халық алдына тым кеш шықты. Сол күні кешке шығуға болар еді деп ойламайсыз ба?" деген сұраққа Қошанов "Мен депутат ретінде жауап беремін: мүмкін, мүмкін" деп жауап қайырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды