Тоқаев: Жастар мұнайшы болғысы келеді, бірақ мұнай таусылса жағдай күрделенуі мүмкін

Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте батыс жастарының мұнайшы болғысы келетінін, бірақ мұнай таусылғанда жағдай күрделенуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент бүгінгі заманның өзекті саласы ретінде ақпараттық технологиялар саласын мысалға келтірді. Сонымен қатар ол біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек деді.


"Батыста, әсіресе Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал күрделенеді. Бәрі де мүмкін. Сондықтан жастар басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арайы жоспар бойынша атқару қажет. Мысалы бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Жастар болашаққа сеніммен қарауы керек. Бұл жұмыс жалпы әкімдердің, үкімет құрылымының құзырында". Мемлекет басшысы
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті