Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Фото: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтап, олардың мол тәжірибесі жаңа жауапты қызметті атқаруға септігін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Президентке ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның алдағы XXXII сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік пен тұрақтылық қоғам өмірінің барлық саласында жүргізіліп жатқан кешенді реформалардың табысты болуының басты шарты екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ассамблея бұл міндетті жүзеге асыруда айрықша рөл атқарады.

Президент барлық этникалық топ өкілдері арасында өзара түсіністікті нығайту және Қазақстан халқын одан әрі ұйыстыру үшін жаңа тәсілдер мен жасалатын нақты қадамдардың маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Ассамблеяның алдағы сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселе көтерілетінін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды