Цифрлық даму министрі 5G енгізу туралы айтты

Сурет: primeminister.kz
25 сәуірдегі үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кейбір облыста 5G енгізу мен дамыту жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстын жаңа буыны 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әр республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% болады". Министр Бағдат Мусин

5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Министрдің сөзінше, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 5G желісін салу арқылы қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарланған.


Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін