Жигули Дайрабаевтың халықтан ұлдары үшін кешірім сұрайтын ойы жоқ

Сурет: atameken.kz
Мәжіліс алаңында депутат Жигули Дайрабаев балаларының әрекеті үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрауды неліктен қажет емес деп санайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер шетелде шенеуніктерге қатысты шу болса, олар депутаттық өкілеттігін немесе мандатын тапсыратыны бар екенін атап өтті. Сонымен бірге шетелде олар халық алдында кешірім сұрайды. Осы орайда журналистер Жигули Дайрабаевтан ол ұлдары үшін неліктен халықтан кешірім сұрамағанын сұрады.

"Жеке маған қоятын кінәңіз болса, соны айтыңыз. Сол үшін кешірім сұраймын. Ал балалар өз тірлігіне өздері жауап береді. Мені айып етпеңіздер", - деп жауап берді Жигули Дайрабаев.

Мәжілісмен ұлдарының сот процесіне араласпағанын айтты.

"Оны уақыт көрсетеді. Алдын ала сәуегейлік жасай алмаймын. Оны құқық қорғау органдары өздері шешеді. Соттың жұмысына мен араласа алмаймын. Мен отстовкаға кеткеннен гөрі қазақ халқына өздерің сияқты пайдам көп тиеді. Ауыл шаруашылығын дамытамыз. Соған мүмкіндік беріңіздер",-деп түйіндеді Жигули Дайрабаев.
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз