Тоқаев қазіргі қақтығыстардың сипаты жөнінде: Әлемде гибридті соғыс жүріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күні өткен Бүкілармиялық кеңесте әскери білім және ғылым жүйесін дамыту аса маңызды міндет екеніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент әскери білім беретін мекемелер әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс екенін атап өтті.

"Әскери білім және ғылым жүйесін дамыту – аса маңызды міндет. Әскери академиялар, институттар әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс. Осы саладағы жоғары оқу орындарының материалдық базасын нығайту керек. Сондай-ақ оқу бағдарламасын заман талабына сай бейімдеу қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ол әскери мамандар даярлау үшін басқа да жоғары оқу орындарының мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек екенін айтты.

"Ректорлар студенттердің жауынгерлік дайындығына тікелей жауапты болуға тиіс. Әскери қауіпсіздік мәселесі ғылыми тұжырымға сүйенуі керек. Яғни, ғылыми-зерттеу жұмысына басымдық беру қажет.Әскери оқу орындары қорғаныс саласындағы кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуы керек. Қазіргі қақтығыстардың сипаты мүлде бөлек. Әлемде гибридті соғыс жүріп жатыр. Сондықтан Қарулы күштердің зияткерлік қабілетін арттыру – өте маңызды міндет. Білім мен тәрбие әрдайым бірін-бірі толықтырып отыруы қажет"Қасым-Жомарт Тоқаев

"Сарбаздарымыз қайсар, батыл, сондай-ақ білімді болуы шарт" деген Бас қолбасшы. жауынгерлердің бойына отаншылдық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіруіміз керек екенін бас айтты.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: