Тоқаев: Қытай Қазақстанның сыртқы саясатында өте маңызды рөл атқарады

Сурет: akorda.kz
Қытайдың CCTV телеарнасының Leaders Talk бағдарламасына берген сұқбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қытай Қазақстанның сыртқы саясатында өте маңызды рөл атқарады. 2019 жылы мен Қытайда мемлекеттік сапармен болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргіздім. Біз халықтарымыздың бірлігін қамтамасыз ететін өзара тиімді саясатты ұстануға келістік. Бұл дегеніміз стратегиялық серіктестіктің мықтылығын білдіреді. Ол - екі ел арасындағы мәңгілік достықтың кепілі. Бұл - Қазақстан халқының ұзақмерзімді мүддесі". Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент осындай саясатты ұстануда Қазақстанның Қытайдың стратегиялық серіктесі болуына ешқашан күмәнмен қарамағанын жеткізді.

"Бұл елдің президенті ретінде арадағы достығымыз берік негізге ие болып, саяси және экономикалық жағынан өзара тиімділікті қамтамасыз етеді деп сенемін". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев


Айта кетсек, бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетілетіні хабарланған болатын. Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұқбат берген.

Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз