Тоқаев Қытай мен Орталық Азияның жақындасуы туралы: Біздің ниетіміз шынайы әрі ашық

Сурет: Telegram/Aqorda
CCTV телеарнасының Leaders Talk бағдарламасына берген сұқбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Орталық Азияның бір-біріне жақындасуы және оған алаңдаушылық білдірушілерге қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қытай мен Орталық Азия бір-біріне жақындап жатқаны туралы кейбір пікірлерге не айтасыз? Геосаяси тұрғыдан алғанда осы жақындасудың қарқынына алаңдаушылық білдірушілер де табылып жатқан жайы бар емес пе" деп сұрады CCTV телеарнасының тілшісі Мемлекет басшысынан.

"Бұл ретте ешқандай күдік-күмәннің болмауы керек, өйткені біздің ниетіміз шынайы әрі ашық. Бұл арадағы нақты факт мынада: Қытай экономикасы бойынша әлемде екінші орында, сондықтан біз Қытайдың рөлін мойындауымыз керек және Сіздердің еліңізбен өте жақсы қарым-қатынас орнатуымыз керек". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев


Сондай-ақ Президент өз сұқбатында болашақ екіжақты экономикалық қарым-қатынастар жайына да тоқталды.


"Біз экономикалық ынтымақтастық саласында тамаша нәтижелерге қол жеткіздік, бірақ әрі қарай алға жылжуымыз керек. Сондықтан Қытай өркениетінің бесігі болып табылатын Сиань қаласына алда жоспарланған сапарыма зор үмітпен қараймын. Бізге жаңа келісімдер, жаңа мәмілелер қажет деп санаймын, өйткені біз  қандай да бір нәтиже күтіп бір орнымызда тұрмауымыз керек. Біз осы қиын әлемде экономикалық байланыстарымызды ілгерілетуге күш салуымыз қажет. Мен екі елдің жастары арасындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды дамытуды қолдаймын. Жас ұрпақ бір-бірін көбірек білуі керек". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты