Тоқаев туған күнін тойлай ма – Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

Сурет: akorda.kz
Президенттің туған күніне қатысты сұраққа баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған.

"Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді".ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай

Сәрсенбі, яғни 2023 жылғы 17 мамыр күні Мемлекте басшысы 70-ке толады. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

12 мамырда Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды