Ақтөбе облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
17 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтан қанша жалақы алатынын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Өңірдегі өндірістегі жалақы көлеміне тоқталған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов кәсіпорындардағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде индекстелетінін атап өтті.

Журналистер облыс әкімінің өзі қанша алатынын сұрады.
"Қолға 1 миллион 900 мың аламын, бұл ақпарат барлық жерде бар, интернеттен ашып қараңыз". Ералы Тоғжанов

Ол сондай-ақ жалақы деңгейімен келіспейтін жұмысшылардың ереуілдері компания қызметкерлерінің пайдасына шешілетініне сендірді.

2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда орташа номиналды жалақы 340 636 теңге болды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды