"Орталық Азия – Қытай" саммитінде мемлекет басшылары Сиань декларациясына қол қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшылары "Орталық Азия – Қытай" саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшылары "Орталық Азия – Қытай" саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді.

Бұдан бұрын мемлекет басшысы "Біз үшін өзара тиімді серіктестіктің стратегиялық бағытын тұрақты түрде жалғастыру маңызды" деген еді. Ол Қазақстан "Орталық Азия – Қытай" хатшылығын құру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.

"Қытайда "Ел біріксе, Тайшань тауын қозғалта алады" деген мақал бар. Сондықтан біз үшін өзара тиімді серіктестіктің стратегиялық бағытын тұрақты түрде жалғастыру маңызды. Бүгінгі айтылған барлық ұсыныстар қабылданып жатқан Сиань декларациясында қандай да бір түрде көрініс табатынына сенімдімін. Қазақстан "Орталық Азия – Қытай" хатшылығын құру идеясын қолдайды. Хатшылық Қытай аумағында жұмыс істей бастаса, қарсы болмаймыз, бұл қисынды болар еді".Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді