Негізгі заң жобасы заңнамалық негіздердің және активтерді анықтау мен қайтаруға қажет жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтару тетіктерін анықтауға бағытталған.
"Заңсыз сатып алынған активті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заң жобасын әзірлеудің мақсаты – іздестіру (ашу), шығу тегін растау, уақытша шаралар қолдану, сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдаумен, басқарумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу, заңсыз сатып алынған және алынған мүлікті сату және мемлекетке қайтару.
Ілеспе заң жобалары негізгі заң жобасының ережелерін іске асыру және қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізу мақсатында әзірленді. Атап айтқанда, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға, Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Салық кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр.
Барлығы 11 кодекс пен 13 заңға түзетулер енгізу қарастырылған.
Заң жобаларын қабылдаудың мынадай оң әлеуметтік-экономикалық салдары бар:
қоғамда әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заңсыз алынған және алып қойылған мүлікті мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту, мүлікті өз еркімен қайтаруды ынталандыру, құқық бұзушылықты, мүлікті заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою.
«Заңсыз cатып алынған активті мемлекет меншігіне қайтару туралы» заң жобасы және оған қатысты заң жобалары қолданысқа енгізілгеннен кейін Бас прокуратура құрылымында заңсыз алынған мүлікті қайтару жөніндегі жеке департамент құрылады. Ол - осы саладағы уәкілетті орган.
Сонымен қатар, мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару үшін арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құрылады. Бұл қайтарылған активтерді қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға және бұл процесте ашық әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың активтерді қайтару саласындағы жұмысының нақты және ашық механизмі құрылады.