Министр оқу жылы неліктен 31 мамырда аяқталатынын түсіндірді

Сурет: primeminister.kz
25 мамырда өткен үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жаңалық - елімізде оқу жылы (34 аптадан) 36 аптаға дейін ұзартылғаны. Осыған сай оқу жылы биыл 31 мамырда аяқталады.

Бұл шешімнің басты негіздері ретінде министр мыналарды атады:

"Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы - 40 апта. Осыған орай әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген", - деді министр.

Анықтама үшін: Канадада оқу жылы 37 апта, Англия, Финляндия, Оңтүстік Корея және Норвегияда – 38 апта, Италияда – 39 және Германияда – 40 апта. Финляндия мен Швецияда жазғы демалыс –11 апта; Қытай, Оңтүстік Корея, Франция – 9 апта, Германия, Жапония, Англия, Нидерланды – 7 апта.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы