СІМ "Вагнер" қатарындағы қазақстандықтың сотталғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Сурет: Zakon.kz
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров "Вагнер" ЖӘК қатарында болған, бүгіндері Украинада сотталды деген қазақстандық туралы ақпарат тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 маусымда өткен брифингте Смадияров Украина тарапы да, Ресей билігі де бұл ақпаратты әлі растамағанын атап өтті.

"Бұл бір басылымда жарияланған ақпарат болатын. "Шынымен де ол біздің азаматымыз ба, жалпы ондай адамның өзі бар ма" деген тұрғыда бұл ақпарат әлі де тексеріліп жатыр. Мұндай шетін дүниеде өте мұқият болуларыңызды сұраймын". Айбек Смадияров

31 мамырда Украина сотының "Вагнер" жеке әскери компаниясына (ЖӘК) жалданған деген айыппен Қазақстан азаматын тоғыз жылға бас бостандығынан айырғаны хабарланды. "Грати" басылымының мәліметінше, жас жігіт Ресей колониясында жазасын өтемеу үшін Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына аттанғанын айтқан. Онда ол әлі сегіз жыл отыруы керек екен. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды