Тергеудегі Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеуге алған Ұлттық экономика вице-министр Ілияс Өсеровтың қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 маусымда бұл ақпаратты Ұлттық экономика министрлігі растады. Бірақ оған қатысты түсініктеме бермеді.

Айта кетсек, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылы 12 сәуірде Өсеровты ұстаған болатын. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты шенеунікке қатысты 10 маусымға дейін үй қамаққа алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Кейінірек Антикор Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша басқа да күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қолға алынғанын хабарлады. Олардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген залал көлемі 819 млн теңге екендігі де айтылды. 

Аталған іс бойынша басқа ақпарат жария етілмеді, күдіктілердің де есімдері аталмады. Сәуір айында ұсталған Өсеров министрліктегі лауазымына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істегені белгілі. Бұған дейін ол Алматы қалалық әкімдігі Стратегия және бюджет басқармасы бастығы болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды