Цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қаныш Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді: 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қаныш Аманбайұлы Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды".

Қаныш Төлеушин 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оксфорд Брукс университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады.

 "Темірбанк" АҚ филиалының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің маманы, бөлім меңгерушісі, "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Сауда-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриалық-инновациялық саясат департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды