Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшыларының баяндамасын тыңдады. Қауіпсіздік Кеңесі ҚР Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды.

Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді. 

Жиын қорытындысы бойынша президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған