Елімізде 2024-тен бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады

Сенбі күні, 17 маусымда үкіметте кәсіпкерлік саласында «таза парақтан» реттеуді енгізу және бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнесті реттеудің 44 саласына талдау жасағаны айтылды. Нәтижесінде жаңа реттеу саясатының шарттарына сәйкес келмейтін 10 108 талап анықталды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында былтыр бизнесті мемлекеттік бақылаудың 35 бағытын автоматтандыру ісі аяқталып, қазір тағы 35 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Автоматты функционалдығы бар Smart Data Ukimet платформасы пайдалануға дайын. Ол қазір жұмыс апробациясынан өтіп жатыр. Осылайша, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылдан бастап іске қосылады.

Премьер-министр ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы жылдың 30 маусымына дейін салалық тәуекелдерді басқару жүйесінің қабылдануын қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша

Премьер-министр реттеуші талаптардың күшін жоюға немесе оларды қайта қарауға бағытталған заңға тәуелді актілер бойынша тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтті: 625 құқықтық актінің 513-і қабылданды. Сонымен қатар 112 құқықтық акті бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Осы орайда Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне аталған жұмысты 30 маусымға дейін аяқтауды тапсырды.

"Салалық бұйрықтар белгіленген мерзімде қабылданбаған жағдайда, үкімет аппараты саяси мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тиісті ұсынымдар енгізсін", - деді ол.


Қазақстан Смайылов Әлихан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: