Министр Абай облысындағы жағдайға бастапқыда толық баға берілмегенін мойындады.
"Осыған байланысты Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Тергеудің қорытындысы бойынша шаралар қабылданады. Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Ал оның аясында тиісті сұрақтар туындаса, біз жауапкершілікті көтеруге дайынбыз. Бұл мен жетекшілік ететін блог және мен жетекшілік ететін министрлік болғандықтан жауаптымын деп есептеймін. Менің департаментімнің құрамына кіретін кез келген блок үшін бөлім басшысы ретінде өз жауапкершілігімнен қашпаймын. Жаңа айтқанымдай, тергеу жұмыстарымен де ынтымақтасамыз".Зүлфия Сүлейменова
Ол өрт болғанға дейін, яғни 16 мамырда үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық жағдайы талқыланғанын еске салды. Министр сол кезде баяндамасында табиғатты қорғау мекемелерінің дайындығы орташа деңгейде екенін айтқан. Оның сөзінше, орташа дайындықтың бір себебі – материалдық-техникалық базаның жеткілікті жабдықталмауы. Сонымен қатар кейбір ұлттық саябақтарда материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі - шамамен 20%. Министр өртке қатысты жағдай әлі толық бағаланбағанын айтты.
"Өртке қатысты жағдай әлі толық бағаланбағандықтан Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесінде шара қолданылады. Материалдық-техникалық жағынан қайта жарақтандыруға қаржы бөлу қажет екенін сол кезде айтқан едік. Абай облысында болған жағдай материалдық-техникалық базаның төмендігімен де байланысты. Жабдықтардың көбі есептен шығару керек құралдарға жатады. Бүгінде қаржыландыру бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп жатыр", - деді Зүлфия Сүлейменова.
Сонымен қатар министр орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 120 мың теңге екенін білгенін айтты.
"1 шілдеден бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 100% көтердік. Қайғылы оқиғадан кейін емес. Жалақы мәселесі қайғылы оқиға болмай тұрып айтылды. Үкіметтің жалақыны көтеруді қарастыратын қаулысының өзі қателеспесем, екі-үш ай бұрын қабылдағанбыз. Әрине, бұл шекті жалақы немесе ең жоғары жалақы деп есептемейміз. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жағдайын жақсартып, техникамен қамтамасыз ету қажет деп есептейміз".Экология министрі Зүлфия Сүлейменова