"Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі", делінген Ақорда хабарламасында.
Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Айта кетсек, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағы сарбаздар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламадан кейін белгілі болды.
Мәскеу қаласында, Мәскеу және Воронеж облыстары территориясында ықтимал террористік актілердің жолын кесу үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Бұл туралы ресейлік Ұлттық терроризмге қарсы комитеті мәлімдеді.
РФ-дағы ҚР елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
Ресей армиясының генералы "Вагнер" ЖӘК басшылығы мен жауынгерлерін сабырға шақырды.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК-тің шабуыл жасағы жауынгерлеріне жүгініп, оларды алдап, Пригожин қылмыстық авантюрасына және қарулы көтеріліске тартқанын мәлімдеді.
Көп ұзамай Владимир Путин үндеу жасады. Ол елді қорғау үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.