СІМ Лукашенконың Назарбаевқа хабарласқанына қатысты пікір білдірді

Сурет: akorda.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соққаны туралы жаңалыққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратпен Сыртқы істер министрлігі де танысып үлгерген.

"Әрине, Беларусь Президенті – біздің бұрынғы президентіміздің байырғы одақтасы, олардың әрқашан айтатын нәрсесі бар. Сонымен бірге өздеріңізге белгілі, еліміздің сыртқы саясатын, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасын айқындау ҚР президентінің құзіретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастары қазіргі мемлекет басшыларының арасында ғана талқыланатынына сүйенеміз".Айбек Смадияров

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі "Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие, күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ, барлық деңгейде тұрақты және жан-жақты байланыстар сақталып отырғанын" қоса кетті.

25 маусым күні Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқылағаны туралы ақпарат таратқан.


Қазақстан
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті