Тарифтердің көтерілуіне қатысты наразылыққа Энергетика министрі жауап берді

27 маусымда үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтардың тарифтердің көтерілуіне және ЖЭО-ны азаматтар есебінен жаңартуға наразылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрінің сөзінше, қазір Екібастұз ЖЭО мен Риддер ЖЭО-ның жауапкершілігі анықталды. Басқа энергетикалық нысандар бойынша дәлірек шешімдер қабылданады.

"Нақты нысандар тұрғысында Екібастұз ЖЭО-ны жөндеудің 50%-ын кәсіпкерлер мойнына алды. Ал Риддерде мәселе тек меншік иелерінің қатысуы ғана емес, кәсіпорынның жарғылық капиталына мемлекеттің кіруі туралы да көтеріліп отыр. Қалған нысандар үшін иелерінің жауапкершілік дәрежесі міндетті түрде қарастырылады".Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев

Бұл ретте Алмасадам Сәтқалиев жылу тарифтері Экономика министрлігінің құзырында екенін нақтылады. Салалық сараптаманы дайындау кезінде министрлік жылумен қамту нысандарының айтарлықтай тозғанын атап өтті. Тарифтердің жоспарлы көтерілуі оларды жаңарту қажеттігіне байланысты.

"Біріншіден, біз басым атқару керек істерді белгіледік. Олар: қыс мезгіліне дайындық, жедел жөндеу. Сонымен бірге өндірістегі қызметкерлердің жалақысын көтеру де маңызды. Жалпы осы нысандарды жаңартуды ойластырып отырмыз".Алмасадам Сәтқалиев

Министрдің айтуынша, қазір барлық ЖЭО бойынша жол картасы жасалған.

"Кең көлемде аудит жүргізілді, қауіпті аймақтар картасы жасалды. Сонымен қатар кейінгі жылу бағасына жылу электр орталығын жаңғырту әсер етеді. Бұл Индустрия министрлігінің пакеті - бұл республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады".Алмасадам Сәтқалиев

Министрлік басшысы жылу электр орталығын жөндеу 2023 жылдың қарашасында аяқталуға тиіс екенін айтты.

"Жоспарға сәйкес, жөндеу қараша айында аяқталады. Бұл энергия көзін үйлестіру қажеттігінен туындап отыр және біз кестеге сәйкес жүріп жатырмыз", - деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар 27 маусымда өткен үкімет отырысында энергетика министрі энергетика нысандарының келесі жылыту маусымына дайындығы туралы айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: