Қазақстанда қант қымбаттай ма

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин "Қазақстандықтар жазда қант қымбаттауы мен бұл өнімге тапшылықты сезінбей ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, елде қант бар. Оның бағасына келсек, қазір үкімет қымбаттаған жағдайда қандай тетіктерді қолданатынын қарастырып жатыр.

"Біз осы туралы ойланып, шешім қабылдап жатырмыз. Қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін енгізгіміз келді, бірақ әзірше оны тоқтаттық. Өйткені қант қымбаттап жатыр. Біздің қант ресейліктен қымбат. Ресейлік қант әлі де арзан. Бірақ біз әзірге осы жағдайды сақтап қалу керек деп шештік. Қалай болғанда да, отандық зауыттарды қолдау шаралары пысықталып жатыр. Әзірше тек қарастырып жатырмыз. Қант бағасы айтарлықтай босаңсымауы үшін және ол халыққа әсер етпеуі үшін өндірушіні субсидиялау мүмкіндігі қаралады".ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин

Бұл ретте министрге қантты субсидиялау, сатып алу немесе импорттау - осылардың ішінде қайсысы қымбат деген сұрақ қойылды. Сауда министрі "Ұзақмерзімді перспективада тиімдірек нұсқаға сүйену керек" деп жауап берді.

"Әрине, қазір жағдай өте қолайлы, қант арзан. Бірақ біздің зауыттар тек қоймада жұмыс істейді, өнімін өткізе алмайды. Өйткені биржаларда қант шикізаты қымбаттаған, өнімнің өзіндік құны өте қымбат."Серік Жұманғарин

Ол қант тапшы болады деген қауіп жоқ екеніне сендірді. Бағаны өсіру мәселелері қарастырылып жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: