Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызын қабылдады

Сурет: akorda.kz
30 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке Шымкентте қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, сондай-ақ жас әншілерді, театр және балет әртістерін оқыту ісі жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы жас таланттарды дайындау, театр репертуарын шетелдік және ұлттық қойылымдармен жаңарту маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майра Мұхамедқызының көп жылдан бері Қазақстанның мәдениет саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, опера әншісіне шығармашылық табыс тіледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды