Үкімет көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шарасын қарады

Сурет: primeminister.kz
Үкіметте ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шаралары қаралды.

Азаматтық авиацияны дамыту шеңберінде барлық тасымалдаушыға «Ашық аспан» режимінің қолжетімділігін толық қамтамасыз ету және авиациялық отын жеткізу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері пысықталады. Сонымен қатар динамикалық баға белгілеу жүйесі реттеліп, НҚА-дан «отын алымы» түсінігі алынып тасталады. Бұл билет бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді.

Байланыс нарығының шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялауды аяқтау, сондай-ақ 5G желісіндегі жиіліктерді ұсыну бойынша оларға иелік ететін компаниялардың аукциондарға қатысуын шектеу жоспарланып отыр.

Көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту аясында аймақтық операторларға коммуналдық-тұрмыстық көмірді тікелей жеткізуді ұлғайту және 2024 жылға қарай онымен биржалық сауда-саттық нормативін арттыру, сондай-ақ нарыққа баламалы жер қойнауын пайдаланушыларды жіберуді кеңейту жоспарланып отыр.

Премьер-министр энергетикалық көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар кеңес барысында мұнай өнімдерінің көтерме сауда саласындағы барлық процестерді автоматтандыру (ЖҚС тарапынан түскен өтінімдерді онлайн тіркеу және т. б.), Бірыңғай электр энергиясын сатып алушының сатып алуларындағы ашықтықты қамтамасыз ету, ҚТЖ ұлттық операторы аясында жеке теміржол тасымалдарын дамыту, сондай-ақ тасымалдау процесін жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды