Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

"Мемлекет басшысына Қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және сатып алулардың ашықтығы есебінен импортты алмастыру, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестиция құю мәселелері қаралды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президентке Қор қызметінің күтілетін нәтижесі, маңызды жобалар мен жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, Қордың құрамындағы компаниялар тобы қызметінің тиімділігін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Самұрық-Қазына

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті