Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Сурет: akorda.kz
3 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Президент балалардың құқығын қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда бала құқығын қорғауға және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірнеше маңызды мәселе көтергенін еске салып, отбасыларға жан-жақты көмек көрсететін жүйені қалыптастырып, отбасын қолдау орталықтарын ашу, әлеуметтік қолдауды күшейту, заңға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қатаңдататын  өзгерістер енгізу маңызды екенін айтты.  

Сонымен қатар Президент балалар арасында зорлық-зомбылық және буллинг фактілері әлі де азаймай тұрғанын атап өтіп, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік құрылымдармен өзара тығыз жұмыс істеу маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент балалар омбудсменінің өз міндетін тиісті деңгейде атқаруы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтып, балалардың құқығын қорғау ісінде жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнату жөнінде тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды