Тоқаев Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.

АҚШ
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды