"Вагнер" жалдамалы жасағы сапында қанша қазақстандық бар - ҚР СІМ жауабы

Сурет: gov.kz
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында ресейлік "Вагнер" ЖӘК сапындағы қазақстандықтар туралы нақты дерек жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері: "Вагнер" жалдамалы жасағы сапындағы азаматтарға елге оралуын сұрап, СІМ ресми сауал жолдады ма" деп сұрады.

"Оны кімнен сұраймыз? Ресейдің ресми билігі кімнің қайда екенін білмейтінін айтады, өйткені "Вагнер" - жекеменшік компания, сондықтан олар осы негізде бізге ақпарат ұсына алмайды. Сондықтан біз кімге сұрау жолдау керектігін білмейміз. Біздің барлық ресми сауалдарымыз құқық қорғау органдарына немесе Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне түседі, ал оларда ешқандай мекенжай жоқ, өйткені сұрайтындай ешкім жоқ", – деді Айбек Смадияров.


Оның айтуынша, Қазақстан СІМ-і осы сипаттағы сауалдарды ресми түрде ресейлік әріптестеріне жолдайды.

"Сауал мәтінінде былай делінген:"Осындай-осындай азаматтардың "Вагнер" ЖӘК құрамына кіргені туралы Сіздерде ақпарат бар ма? Осы мәліметті тексеруге көмектесе аласыздар ма?". Болды. Бірақ "Вагнер" ЖӘК - жеке компания, ол бұл  сұрауларға мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Ресей СІМ және Ресейдің құқық қорғау органдары "тексеріп жатырмыз" деп қысқа жауап қайырады. Бұл тексерулер қалай жүргізіліп жатқанын, бірақ өздері де білмейді. Өйткені оларда "Вагнер" ЖӘК құрамына кімнің кіріп-шығып жатқаны туралы мәлімет жоқ, - деп сөзін түйіндеді Айбек Смадияров.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты