Әлібек Қуантыров ағасының Қазатомөнеркәсіпке тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Сурет: primeminister.kz
12 шілдеде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысы кулуарында ағасының "Қазатомөнеркәсіп" ҰК-ға басшылық қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін БАҚ Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың ағасы Ермек Қуантыров "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның құқықтық қамтамасыз ету және сатып алулар жөніндегі бас директоры болды" деген ақпарат таратқан еді. БАҚ өкілдері ҰЭМ басшысынан бұл жағдайға түсініктеме беруді сұрады.

"Шынымен де, ол - менің ағам. Бұл жерде непотизм (туысқан, ағайын-туыс, жақын-жұртты тарту. – Ред.) жоқ. Менің бұған еш қатысым жоқ. Түсініп тұрсыз: ол адам заңды тағайындау процедураларынан өткен. Ол Колумбия университетіндегі ең жақсы заң мектептерінің бірін бітірген. Ол - президенттің кадрлар резервінің мүшесі. Оған кіру оңай емес, процедуралардан өту қиын. Мен өзім қатыстым, оның не екенін білемін. Ал резервтегілер кірудің қаншалықты қиын болғанын біледі. Оның халықаралық құқық саласында, сот жүйесінде тәжірибесі бар, осы салада 13 жыл қызмет етті", - деді Әлібек Қуантыров.

Жалпы министрдің айтуынша, оның ағасы талаптарға сай келіп, заңды түрде "Қазатомөнеркәсіпте" қызмет атқарған.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері министрден "Ағаңызға сұхбаттан сәтті өтудің қандай да бір жолдарын ұсындыңыз ба?" деп сұрады.

"Өте қызық сұрақ. Отбасында екеуміз. Білесіз бе, ол менің ағам, мен оған бала кезімнен дұрыс тәрбие, мінез-құлық және тағы басқа бойынша біраз кеңес беріп келемін. Осымен болды", - деді - ҰЭМ басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың ағасы Ермек Қуантыров "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның құқықтық қамтамасыз ету және сатып алулар жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды