Әміржан Нәбиев Риддер ЖЭО-ның барлық қарызын өз есебінен жабуға уәде берді

Сурет: Instagram/danial.akhmetov.official
14 шілдеде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына барып, Риддер ЖЭО-ның жаңа иесімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі Әміржан Нәбиев барлық қарызды өз қаражаты есебінен жабуға уәде берді", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде Риддер ЖЭО-ның жалпы қарызы - 5,5 млрд теңге.

"Министрлік тарапынан біз қарыз мәселесін де бақылауға аламыз". Алмасадам Сәтқалиев

Энергетика министрі Риддер ЖЭО-дағы жөндеу науқанының барысына жеке-жеке тоқталды.

Қаржы министрлігімен және облыс әкімдігімен бірлесіп, үкімет резервінен қаражат бөлу тетігі әзірленді. Жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама алынды. Жөндеудің жалпы сомасы 8,3 млрд теңге болды. Риддер ЖЭО-дағы жөндеуге сегіз мердігер ұйым жұмылдырылды.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, Риддер ЖЭО-дағы жұмысты жылу беру маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарланып отыр.

18 маусымда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыс бойынша алғашқы сапарын өңірдегі маңызды нысандардың бірі – "Риддер ЖЭО" АҚ-да бастап, жылу басқармасымен кеңес өткізді. Одан кейін ЖЭО-ның жаңадан тағайындалған бас директоры Игорь Михайленко бұрынғы қожайындар нысанды тиісті жөндеу жасамай пайдаланғанын, "Риддер ЖЭО" АҚ қарызы 3,3 млрд теңге болғанын айтқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды