KEGOC электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін жоспарланған мерзімде енгізбеді

Сурет: Zakon.kz
"KEGOC" АҚ жүйелік операторы нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының автоматтандырылған тетігі, яғни бағдарламалық кешен – Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін жоспарланған мерзімдерде пайдалануға енгізбеді.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестелерін оңтайлы жоспарлау процестерін құруға мүмкіндік беретін нақты уақыттағы электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы механизмінің жұмыс істеуі автоматтандыруға байланысты.

"Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясы нарығын реформалау бойынша салалық жұмыс жасады. Электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданды. Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы тетігі енгізілді", - делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.

Бұл тетік елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шұғыл реттеуді талап ететін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, атап айтқанда:

"Айтылғандарды ескере отырып, бағдарламалық кешенді іске қосудың есепті мерзімін бұзғаны және бағдарламаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы "KEGOC" АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты", - делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті