Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді

Сурет: Zakon.kz
Үкіметтің 27 шілдедегі қаулысымен мереке күндерінің тізбесі жаңа редакцияда бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа тізімде 19 мереке бар:

Неліктен мерекелердің жаңа тізімі қабылданғанын түсіндіреміз. 2023 жылғы сәуірде "Мерекелер туралы" заңға түзету енгізіліп, оған сәйкес мереке күндерінің тізбесін белгілеу өкілеттігі үкіметке жүктелді. Ал кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту функциялары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Сондықтан қабылданған түзетулермен барлық кәсіби мереке бұрын қолданыста болған мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Айтпақшы, "Мерекелер туралы" Заңда ұлттық және мемлекеттік мерекелердің тізімі бар. Сонымен Ұлттық мереке – 25 қазанда тойланатын Республика күні.

Мемлекеттік мерекелер:

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер мереке күндері болып танылады және жұмыс күні болып есептелмейді.

Өз кезегінде кәсіби және басқа мерекелер мереке күндері болып табылады, ал егер олар жұмыс күніне сәйкес келсе, жұмыс күні болып есептеледі.

Қаулы 2 тамызда күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді