Қырғызстан президентінің жиені қыркүйекке дейін қамауда болады

Сурет: wikimedia
Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров қамауда қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бішкектің Бірінші Май аудандық сотына арызды Ішкі істер министрлігінің тергеушісі берді, деп хабарлайды 24.kg. Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырды. Ұлан Жапаров 26 қыркүйекке дейін елорданың 1-тергеу изоляторында қамауда болады.

Бішкектің Бірінші Май аудандық соты бұл ақпаратты растады.

Президенттің жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр.

Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы. Бұған дейін Қырғызстан президенті "бұл жағдай басқа туыстарыма сабақ болады"  деген.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Денсаулық сақтау министрлігі балаларды медициналық тексеруден өткізу ережелерін жаңартты

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Тоқаев жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру қажеттігін айтты